МТРА жаңалықтары

Аттракциондардың жарамдылығы сыналады

-Жалпы бұл саябақта 35 карусель бар. Оның жиырма бесі бір ай бұрын іске қосылып, ендігі жұмыс жасап тұр. Ал, сәуірдің 28-ші жұлдызында әр әткеншек арнайы техникалық сынақтан өтпек.

Құрылғылардың жарамдылығы жыл сайын тексеріледі. Осылайша мамандар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазір саябақта қайнаған қызу тірлік. Мұнда 50-ден астам қызметкер ендігі саябақтың 70 пайызын қардан тазалап, сыпырып жинастырып қойған. Жаңа мүсіншелер де әкелінген. Ал, мамырда мұнда 6 мың түп гүл егіледі. Оған 420 мың теңге жұмсалмақ.

Александр Козлов, «Мир аттракционов» ЖШС директоры:

-Биыл «Мир аттракционов» серіктестігінің аумағын тазартуды көктем шыға ертерек бастадық. Еріген қар суының астында қалған 10 карусельді осы айдың аяғында іске қоспақпыз. Биыл 200 метр жерге құны 1,5 милион теңгені құрайтын тас төсемелер жайылады. Жаңадан әкелінетін 7 әткеншек тағы бар.

Көктем шыққалы қалалық мәдениет және демалыс саябағына демалуға балалар да, қарттар да келе бастаған.

Тағы бір өзгеріс, биыл саябақта «Ғашықтар бұрышы» аталған алаңқай ашылмақ. Ол үшін жергілікті мүсінші Светлана Брютоваға арнайы тапсырыс беріп қойылған. Жүрек пішіндес орындықтар да қойылмақ.

 

 

Акбопе Танирберген