МТРА жаңалықтары

“Петропавл қаласының құрметті азаматы” төсбелгісіне 50 жыл

Бауыржан Құлжанов – Петропавл қаласының құрметті азаматы:

-Маған төсбелгіні 2012 жылы қала әкімі Болат Жұмабеков табыстады. Спорт саласында сіңген еңбегім үшін берілген марапат деп білемін.

Қазақша күрестен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Бауыржан Құлжановпен жүздесу мектеп оқушыларына ұнады.

Андрей Сергеев – №2 орта мектеп оқушысы:

-Бауыржан Құлжанов бала кезінен спортпен айналысыпты. Қандай қиын кезеңдерді бастан өткерген. Ол кісінің әңгімелері көңілімнен шықты.

Жасұлан Қарабасов – №2 орта мектеп оқушысы:

-Спорт ардагері Бауыржан ағаның бұл қалаға еңбегі сіңді. Көптеген спортттық шараларды ұйымдастырған екен. Ол кісі – осы атаққа лайық тұлға.

Петропавл қаласының құрметті азаматы атағын беру туралы қаулы 1966 жылдың 4 қарашасында қабылдаған болатын. Содан бері міне 50 жыл өткен.

Сәуле Мәлікова – СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:

-Ең алғашқы төсбелгіні Сәбит Мұқанов иеленді. Одан кейін 70 жылдық мерейтойында жерлесіміз Ғабит Мүсіреповке табыс етілді.

Жалпы бүгінгі күнге дейін Петропавл қаласының құрметті азаматы атағы 20-дан астам жерлесімізге табысталған екен.

 

 

Риат Шони