Мәдениет

Петропавлға гастролдік сапармен Ақмола облыстық орыс драма театрының труппасы келді

Андрей Владимиров – Ақмола облыстық орыс драма театрының әртісі:

-Қойылымда мен жалған сөйлейтін оқымыстыны сомдаймын. Село тұрғындарына өтірік айтып олармен бірге көңіл көтеруге қаламын. Кейін түрлі қиындықтарға тап боламын. Спектаклға 1 жарым ай бойы дайындалдық. Теріскейліктерге еңбегіміз ұнайды деген сенімдемін.

Кейін қойылымда Хома Брут селода тұратын пері қызбен кездеседі. Олар түнде көңіл қосып, бірге болады. Екінші күні таңертең елді мекенде жас жігіттің көңілдесі өлді деген жалған сыбыс жүреді. Бұл мыстан қыздың Хома Брутпен тағы да кездесу үшін жасаған өтірік амалы еді. Ғашықтар тұрғындардың көзіне түспей келесі күні тағы кездеседі. Қойылым соңында шайтанның арбауына түскен философ қайтыс болады. Бұл қойылымды ақмолалық әртістер алғаш рет былтырғы жылы театрдың 38-ші шымылдықашар кешінде қойыпты. Айта кеткен жөн, осы күндері теріскейлік әртістер де Көкшетау қаласында өнер көрсетуде.

Спаратак Рамазанов – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

-Осы жолы біздің театрдың әртістері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған “Сұлтан Бейбарыс” атты және комедиялық жанрдағы “Гарнир по французкий” қойылымды сахнадамақ. Сондай-ақ, кішкентай жастаға балаларға арналған қойылымымыз бар.

Петропавлда көкшетаулық өнерпаздар сәуірдің 15-іне дейін болады. Кейін Атырау қаласына жол тартпақ.

 

 

Култанов Байболат