Білім

Петропавлда жекеменшік балалар орталықтарының мамандарына арналған семинар өтті

Сондай-ақ, бұдан өзге де логопед, дефектолог мамандар, қолданбалы өнер педагогы, ағылшын мұғалімдері де өз салалары бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырған. Жиылған қонақтар қалада алғаш өткізіліп отырған семинардан көрген-білгендерімізді өз тәжірибемізде пайдаланамыз деп отыр.

Нұргүл Нұрғалиева, «АБВГДейка» балалар ортылығының қазақ тілі мұғалімі:

-Әсіресе ағылшын тіліндегі тренинг ұнады. Бүгін осында үйренгендерімді өз жұмысымда қолданамын.

Орталықта «Жас ханшайымның жексенбілік академиясы» жобасының ашылғанына 6 айға жуықтаған. Бұл үйірмеде 8 жастан асқан кішкентай бикештер әртістік өнер, йога, фитнес, сәнді киіну мен дәмді тағам даярлауды меңгереді. Жиылғандар қыздар әзірлеген дәмді астан дәм татпақ. Қыздар көрермендерге кішігірім театрландырылған қойылымдарын да ұсынды.

Жас бикеш Алина Щенникованың жасы 13-те. Ол орталыққа келгелі үйренгенім мен түйгенім көп дейді.

Алина Щенникова, «Жас ханшайымның жексенбілік академиясы» жобасының қатысушысы:

-Жас ханшайым үйірмесінен үйренгенім өте көп. Өзім бишімін. Бұрын сахнаға шыққанда үрейленіп, қорқатынмын. Қазір осындағы тәрбиешілерімнің арқасында өзіме сенімді болып, жасымауды үйрендім.

Бүгін де орталықта бір жарым жастан асқан сәбилерден бастап мектеп жасындағы балаларға дейін тәрбиленуде. Мұндағы 25-ке жуық балғынмен 10 педагог маман жұмыс жасайды.

Гүлнар Сатина, «Baby Town» Балаларды дамыту орталығының жетекшісі:

-Бүгінгі семинарды қалалық білім бөлімімен бірлесіп өткіп отырмыз. Шара балаларды дамыту орталықтарының педагогтары мен енді ашылып жатқан жеке меншік балабақша мамандарына арналған. Осылайша әріптестермен өз тәжірибемізбен бөліспекпіз. Біздің мамандар баланың жан-жақты болуы үшін тынбай еңбектенеді.

Семинардың қорытынды бөлігінде қонақтар мен «Baby Town» орталығының педагтары өзара пікір алмасты.

 

 

Акбопе Танирберген