Қоғам

Петропавлда өнерлі жанұялардың аймақтық байқауы өтті

Назгүл Тұрсынбаева – байқауға қатысушы, М.Жұмабаев ауданы:

-Биыл міне ауданның атынан ұлыммен бірге тағы қатысып отырмыз. Сайытың талабы ән айту, оны тыңдармандарға жеткізе білу қажетпіз. Сахнада өзін өзі ұстау, киім стилі өте маңызды рөл атқарады. Осындай сайыстар жылда болса екен. Себебі қазақтарда өнерлі отбасылар өте көп.

Ал мынау – облыс орталығының намысын қорғауға келіп отырған Кокориндер жанұясы. Олар ұлттық нақышта киініп келіпті, тыңдармандарға украин халыққының әнін шебер орындап берді. Отанасы Любовь Кокорина өнерлілер сайысына қатысуға ұсыныс түскенде бірден келісіпті.

Любовь Кокорина – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

-Біз отбасылық жұп болып өнер көрсетіп жүргенімізге 10 жылға жуықтады. Қазір репертуарымызда 50-ден астам украин және орыс халқының әндері бар.

Жалпы шығармашыл отбасылық ансамбльдерінің “Союз родных сердец” атты облыстық байқауы екі жылда 1 рет өткізіліп тұрады.

Наталья Загравская – Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы директорының орынбасары:

-Шараға өңіріміздің 12 ауданы мен Петропавл қаласының өнерлі де өнегелі отбасылары қатысуда. Сайыс талабы бойынша үміткерлер кез келген тілде ән шырқап, қазылар алқасына өнерлерін көрсетулері керек.

Сайыс соңында облыстық кезеңнің барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар табысталды.

 

 

Бакыт Садуакасов