МТРА жаңалықтары

Петропавлда алғаш рет республикалық “Халықтық заңгер” акциясы өтті

Владимир Кветка:

-Жұбайым 1970 жылы баспана алуға үй кезегіне тұрған еді. Ал 80-ші жылдары белгісіз себептермен кезектен алынып тасталды. Заңгермен ақылдастым, ол маған жауапты мекемеге қайта өтініш беруді айтты.

Шарада заңгерлерге тұрғын үй мәселесінен басқа жол жөндеу, ажырасу бойынша да сұрақтар түсті. Біріне мамандар сол жерде жауап беріп жатса, келесілерін қайта қабылдауға келуді ұсынды. Заңгерлер мұндай әлеуметтік акциялар үнемі өтіп тұрса деген тілегін жеткізді.

Павел Афанасьев – заңгер:

-Көп тұрғындар Қазақстан Республикасының Заңдарын біле бермейді. Сол сауатсыздықтың салдарынан өз құқықтарын толық қорғай алмауда. Шарада біз сондай жерлестерімізге көмек бермекпіз.

Акция басталған жарты сағат ішінде ондаған солтүстікқазақстандық тегін кеңес алып үлгерді.

Людмила Даниленко – “Параграф” ақпараттық жүйесінің Петропавл қалалық филиалының жетекшісі:

-Негізі тұрғындарды Азаматтық, Қылмыстық Кодекстер және отбасылық мәселелер бойынша туындаған сауалдар толғандырады. Біз заңгер мен қорғаушыларды бір жерге топтастырып, көмекке зәру жандардың олармен кеңесулеріне жағдай жасадық. Бұған дейін бұл әлеуметтік шара Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында өткізілді.

Жалпы жоспарланған 4 сағат ішінде 13 білікті маман 100 петропавлдыққа тегін кеңес берді.

 

 

Бакыт Садуакасов