Спорт

Теріскейлік “Vino 4-ever SKO” клубының велошабандоздары Азия турынан оралды

Олег Земляков – “Vino 4-ever SKO” клубының велошабандозы:

-Жарыста ауа райы біздер үшін өте қолайсыз болды. Ол жақта өте ыстық. Және үнемі аңызғақ жел соғып тұрды. Дегенмен де біздің құрама жақсы өнер көрсетті. Жаттықтырушылардың айтқан ескертулеріне құлақ астық. Жеңіске қуаныштымыз.

Кейін, Азия турының екінші кезеңі наурыздың басында Тайвань елінде өткен. Онда да біздің жігіттер биіктен көріне білді. Жарыста теріскейліктер жалпы құрамалық бірінші орынды жеңіп алған. Бұдан соң, доданың соңғы сайысы Тайланд мемлекетінде ұйымдастырылды. Онда велошабандоздар жекелей сында күннің аптап ыстығына қарамастан әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін ұпайларды қоржынға салған.

Сергей Данникер – “Vino 4-ever SKO” клубының жаттықтырушысы:

-Біз өте қиын жарыстан оралдық. 2 ай бойы жолда болып, шаршадық. Алайда, бұл еңбегіміз текке кеткен жоқ. Үш кезеңнен тұратын сайыста 3 алтын және 5 күміс еншіледік. Сондай-ақ, қоржынға тиісті ұпайларды салдық. Әлі де биіктерден көріну үшін жаттығуды жалғастырамыз.

Енді жерлестеріміз мамырдың басында Иран мемлекетінде байрақты бәсекеге қатысатын болады. Айта кеткен жөн, солтүстікқазақстандық екі велошабандоз Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуға үмітті. Олар – Алексей Луценко мен Бахтияр Қожатаев. Екеуі де жаһандық жарыс жолдамасы үшін сынға түсуде.

 

 

Култанов Байболат