МТРА жаңалықтары

Тәртіп сақшылары СҚО кәсіпкерлер палатасымен әріптестік жөнінде меморандум жасасты

Әсия Әбжанова – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

-Биыл жасы 21-ге толмағандарға ішімдік сатудың 44, түнгі уақытта саудалаудың 13 фактісі анықталды. Сонымен қатар үйде немесе заңсыз белгіленбеген жерлерде алкогольдік өнімді сатудың 13, ешбір жерде тіркелмей бизнес құрудың 64 заңбұзушылығы анықталды.

Заңсыз ішімдік сататындар бизнес субъектілеріне кедергі келтіруде. Мұндай саудагерлермен СҚО кәсіпкерлер палатасы мен ІІД бірігіп күреспек. Ол үшін екі жақ әріптестік орнататын меморандум жасасты.

Тұрар Ысқақов – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

-Енді алкогольдік өнімді заңсыз саудалаумен және де өзге де құқықбұзушылықтармен бірігіп күресетін боламыз. Жыл басында бізде 35 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген болатын. Оның 25 мыңға жуығы шағын және орта бизнес субъектілері. Олардың ісі оңтайлы жүруіне осындай заңсыз кәсппен айналысатындар кедергі келтіреді. Осы орайда бұл құжаттың маңызы өте зор.

Сондай-ақ, жиында жолаушыларды тасымалдау жайы да талқыланды. Осы уақытқа дейін 13 жүргізуші аталған бизнеспен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар салық органдарында тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысқан екен.

 

 

Риат Шони