Мәдениет

Петропавлда Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының қалалық кезеңі өтті

Ұлан Мақсотұлы – ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанты:

-Бүгінгі байқауға Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» және «Желтоқсан желі» шығармаларын әкелдім. Сайыста бірінші орын аламын деп сенемін.

Байқауға барлығы 9 өнерпаз қатысты. Араларында медицина мен ұстаздық жолды таңдаған студенттер мен оқушылар және мектеп мұғалімдері де бар.

Сайыс шарты бойынша қатысушылар Оралхан Бөкейдің бір-бір прозалық және драмалық шығармасынан үзінді келтіріп, кез келген ақынның өлеңін оқып берулері керек.

Алтынай Сыздықова – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

-Байқауға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Қазылар алқасы үміткерлерді бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына және сахна әдебіне назар аударады.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

 

 

Айгерим Ержанова