МТРА жаңалықтары

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары 50 көрнекіліктен 20-дан артық қате тапқан

Жоламан Шаханов, қала тұрғыны:

-Әсіресе орыс тілінен дұрыс аудармайтындар өте көп. Қазақ әріптерін ұмыт қалдырып жатады. Оларды көргенде арнайы мекемелерге телефон шаламын. Осылайша бірнеше қателерді түзетуге ат салысқаным бар.

Ал, қараса көз сүрінетін бұл қателерді түзетуді облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары қолға алды. Олар сәуір айы басталысымен қала көшелерінде арнайы рейд ұйымдастырып, жарнама беруде сауатсыздыққа бой алдырған кәсіпкерден олқылықтың орнын толтыруды талап етуде. Нәтижесінде 50 нысаннан 20-дан артық қате табылған екен.

Ернияз Сұлтанов, Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы:

-Былтыр 200-ден артық нысан тексеріліп, оның жүзге жуығынан қате табылды. Қазір олар түзетулір енгізді.

Ал, «Сбербанк» АҚ ЕБ жергілікті филиалы жарнама жасаудан еш қате жібермейміз дейді. Себебі, аталмыш банк көше бойына хабарландыру не жарнама орнатпас бұрын мұқият тексертіп алады.

Фархад Таев, “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қаласындағы филиалының маманы:

-Біздің “Сбербанк” АҚ ЕБ Петропавл қаласындағы филиалы түрлі акциялар жайлы жарнамалар жасайды. Ол үшін ең алдымен мәтінді облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіп тексертіп аламыз. Тек осыдан кейін ғана көшелерге ілеміз.

ҚР тіл туралы заңының 21 бабында көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғарыда жазылуы тиіс. Ал, мына сұлулық салонында мұның барлығы керісінше жазылыпты.
Ал, келесі салонның сыртындағы «Жұмыс уақыты» деген сөзде «қ», «ұ» әріптері мүлде ескерілмеген. Жалпы мәлімет те тек орыс тілінде жазылыпты. Мамандар қос кәсіпкерлік иелеріне де дереу қателікті түзету керктігін ескертті.

 

 

Акбопе Танирберген