МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуы басты назарда

Виталий Пак- СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің басшысы:

-Осы тексерістердің нәтижесіне 3 млрд 948 млн теңгенің заңбұзушылықтары анықталды. Ал 1 млрд 648 млн теңгенің мемлекеттік сатып алулары кері қайтарылған. Тексеріс барысында қателік анықталған 95 осындай азамат олқылықтарын уақытылы жойғаны үшін әкімшілік жазадан босатылды.

Олқылықтарды түзетуге 10 күн уақыт беріледі. Осы аралықта қателік жойылмаса, онда заңбұзушылыққа жол бергендер 50-ден 100 АЕК дейін айыппұл төлейді. Аз сома емес, сондықтан солтүстікқазақстандықтар қателіктерді жылдам дұрыстайтын көрінеді. Жалпы қаржылық бақылау инспекциясының мамандары мемлекеттік сатып алулар кезінде болатын көптеген заңбұзушылықтар, негізінен заңды жетік білмегендіктен орын алады дейді. Сондықтан бақылаушы органдағылар ұдайы есепшілер мен осы салада еңбек ететін қызметкерлер арасында семинарлар өткізіп тұрады. Биыл бұл саладағы құжаттарға бірқатар өзгертулер енгізіліпті.

Виталий Пак- СҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің басшысы:

-Жаңа заң сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге бағытталған. Онда тапсырыс берушілер конкурс жариялап, оған қатысатын мекемелер арнайы сайтта байқаудың талаптарын көре алады. Егер кемшілік байқаса, не ол міндеттер өзгертуді қажет етсе, өз пікірін жазып қалдырып, кейін құжат қабылданса, сол бойынша жұмыс істей алады. Яғни, ол екі жақтың да бірдей мүддесін қорғайды.

Жалпы мемлекеттік сатып алулар кезінде олқылықтарға құрылыс, тұрғын үй коммуанлдық шаруашылығы және қызмет көрсету салалары көп жол береді дейді мамандар.

 

 

Магжан Ахмадина