МТРА жаңалықтары

Электронды түрде қызмет пайдаланудың артықшылықтары

Людмила Цайгер- СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:

-Электронды үкімет порталы арқылы осы сайтқа кіру қажет. Оны тапсырыс берушілер кеңседен не үйден шықпай-ақ жасай алады. Сол жерде ол электронды сандық қолтаңба арқасында тиісті құжаттарын рәсімдейді. Өтініштер 2 ай көлемінде қаралады.

Бірақ былтырлары табиғатты пайдаланушылар арасында аталмыш қызмет аса сұранысқа ие болмаған. 2015 жылы көрсетілген 1092 мемлекеттік қызметтің тек 10 пайызға жуығы ғана «Е-лицензиялау» сайты арқылы жасалыпты. Ал ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 90 пайыздан асқан.

Людмила Цайгер- СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:

-Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың 95-98 пайызы өтініштерді электронды түрде тапсырды. Олардың қатарында мемлекеттік органдар да, ірі компаниялар да бар.

Айта кету керек, бұл қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.

 

 

Магжан Ахмадина