МТРА жаңалықтары

Әдеп жөніндегі кеңестің 3-ші отырысы өтті

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

-Қала әкімдігінде барлығы 74 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Былтыр азаматтарға 67 600-ден астам қызмет түрлері ұсынылды. Соның 36 мыңын мемлекеттік органдар көрсетті. Қалғанында тұрғындар мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алды.

Бүгінде қалалық әкімдіктегі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметті ұсынуда біраз олқылықтар баршылық. Мысалы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде
құжаттарды кешіктіріп беру фактілері тіркелген. Сонымен қатар, бөлім мамандары тұрғындардан техникалық регламентте көрсетілмеген құжаттарды сұратқан. Мұны сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мамандары тұрғындардың шағымы негізінде тексеріс жүргізгенде анықтапты.

Қуат Тәжiбаев – Петропавл қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі:

-Біраз нәрселерді анықтау үшін, біз регламентте көрсетілмеген кейбір ұжаттарды сұратуға мәжбүр болдық.

Жиын соңында кеңес мүшелері қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісіне ескерту жасады. Жалпы сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасындағылар тексеріс барысында мелекеттік органдарға 50 ұсыныс берген. Енді олар тұрғындардың шағымы бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тексеріс жүргізуде.


 

Берік Қасен