Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері топан су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетті

Олар азық-түлік пен киім-кешекті “Газель” жүк көлігіне тиеп, көмекті Тайынша ауданына жөнелтті. Кейін керек-жарақ заттар жәрдемге мұқтаж отбастарына таратылып беріледі.

Виктор Букреев – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

– Облыстық ІІД, Петропавл қалалық ІІБ аз уақыттың ішінде тасқыннан зардап шеккендерге киім-кешек пен азық-түлік өнімдерін жинап берді. Көптің күшімен әкелінген заттар шамамен 40 баспананың тұрғындарына жетеді.

Естеріңізге салсақ, сәуір айының басында Тайынша ауданындағы Донецкое, Ясная Поляна, Келлеровка, Доброжановка селоларына жайылған қызыл су елді мекен тұрғындарының баспаналары мен олардың мал-мүлкіне біршама зиянын тигізген еді. Сол кезде көппен бірге полицейлер де қиындыққа тап болған халықты қауіпсіз жерге көшіріп, дүние-мүліктерін аман алып қалуға елеулі үлестерін қосты.

Ержан Иманслям – Тайынша ауданының әкімі:

– Департамент бастығы Берік Біләловқа алғысымды айтамын. Әкелінген заттар жапа шеккендерге үлестіріледі.

Жалпы қазіргі уақытта Тайынша ауданындағы жағдай біршама тұрақталған. тұрғындар үйлеріне оралуда.

 

Бакыт Садуакасов