Қоғам

Мұсылман жамағаты судан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

 

Олардың барлығы үлкен сөмкелерге салынып, көлікке тиелуге дайын. Жалпы мұнда 1 млн теңгенің тауары жиналыпты.

Қасымхан Исаев – «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы:

– Мешітке келуші жамағатпен су тасқынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек ұйымдастырған болатынбыз. Бірнеше диаспора өкілдері қатысты. Қырғыз бауырларымыз киім-кешек әкелді. Тәжіктер – аяқ киім, ал «Дез» кәсіпорны ұн әкелді. Халық та қолдан келген көмегін аяп жатқан жоқ. «Қызылжар» орталық мешіті кілем беріп, көмек көрсетті.

Көп түкірсе, көл болады” демекші көпұлтты халқымыз, апаттың жерлестерімізге қалай ауыр тигінен біледі. Баспаналары қирап, санаулы минуттардың ішінде қолда барынан айырылған солтүстікқазақстандықтарға көмек ауадай қажет. Сондықтан өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын тұрғындар заттардың барлығын шұғыл түрде, 2 күн ішінде жинаған. Қашан да бірлігі жарасқан көп ұлтты халқымыз әлі де болса мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әзір. Келешекте мұнда топан су кесірін тигізген өзге де ауылдарға осындай көмек көрсетілмек.

Мағжан Ахмадина – тілші:


– Бірер минуттардан кейін жүк тиелген «Газель» автокөлігі Тайынша ауданына қарасты Келлеровка ауылына жол тартады. Машинадағы барлық тауар судан зардап шеккен тұрғындарға таратылатын болады. Ал екі-үш күннен соң дәл осындай көмек Алматы және Астана қалаларынан жеткізілмек.

Мағжан Ахмадина