Денсаулық сақтау

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді

ҚР азаматтары мен оралмандар бұрынғысынша мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмекке иек арта алады. Яғни тұрғындарға санавиациялық қызметтер, жұқпалы ауруларды емдеу, екпе жасау тегін жүргізілмек.

Рашида Иванова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Адамдардың денсаулығына заңды тұлғалар мен кәсіпорын басшылары да жауапты. Жұмыс беруші жұмысшысын үнемі скриниг өтуге жіберіп тұруға тиісті. Себебі қол астындағы жұмысшысы ауырып қалса, шығын мекеме жетекшісінің мойнына артылады.

Ведомсвто өкілі түрлі аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандар бұрынғысынша дәрі-дәрмектерін тегін жаздыртып ала алады деді. Сонымен қатар елімізде жекеменшік медицинаны дамытуға басымдық берілуде. Осылайша, осы салада бәсекелестік арттырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту көзделуде.

Рашида Иванова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

– Министрлік жанынан медициналық қызметтердің сапасын тексеретін арнайы комиссия құрылды. Оған депутаттар мен ҮЕҰ-дардың өкілдері мүшелік етпек. Комиссия
дәрігерлердің жұмысын, ем-дом нәтижесі мен тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту жағын ұдайы бақылауда ұстайтын болады.

Осы күні өңірдегі денсаулық сақтау саласында тар көлемдегі 100-ден астам дәрігер жетіспейді. Ведомство өкілдері бұл олқылықтың орнын бірнеше жылдан кейін ғана толтыруға болады дейді.

Берік Қасен