Спорт

Петропавлда волейболдан облыстық чемпионат бастау алды

Владимир Гюнтнер – М.Жұмабаев ауданы командасының бапкері:

-М.Жұмабаев ауданының командасын мен 2 жыл бойы жаттықтырамын. Құрама сапында республикалық жарыстарда өңір намысын қорғаған қыздар бар. Ойыншылардың саны – 9. Мен, қыздарыма үлкен үміт артып отырмын. Себебі, олар әр турнирге тыңғылықты дайындалып, жеңіске жету үшін бар күшін салады.

Бірінші партияны аудандықтар 25 ұпаймен аяқтады. Ал ойынның келесі кезеңінде алаңдағы басымдықты петропавлдық “Барс” өз қолдарына алуға тырысты. Алайда, М.Жұмабаев ауданының жастары кәсіби волейболшылар болмаса да, шаршы алаңда жақсы өнер көрсетуде. Нәтижесінде, олар өз шеберлігінің арқасында, “Барс” ойыншыларын 25:4 есебімен жеңді.

Иззат Эргашева – волейболшы, М.Жұмабаев ауданы:

-Ойын жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Қарсылас команда жақсы өнер көрсетті. Бүгінгі сайыста біз тек жеңістен дәмелі болдық.

Жалпы, волейболдан 3 күнге жалғасатын облыстық чемпионатқа спортшылар Петропавл мен 12 ауданнан қатысады. Жарыста қыздар арасынан – 9, ал ұлдардан 6 команда жасақталған.

 

Сагыныш Маркашева