МТРА жаңалықтары

Петропавлда Санк-Петербург қаласының “Искушение” би театры өнер көрсетті

Шоу бағдарлама кезінде музыкалық әуен түрліше өзгереді. Қойылым барысында әртістер қарапайым қимылдар мен акробатикалық трюгтарды да жасайды.

Константин Морозов – «Искушение» би театрының әртісі, Санкт-Петербор қаласы, РФ:

-Біз спектакльге дайындық барысында өте көп жұмыстарды бірлесе атқарамыз. Әр әртіс дайындықтан соң осында қалып күрделі жаттығуларды жалғастырады. Олардың бірі қауіпті трюгтарды іске асырса, енді бірі аяқ-қолдарын жаттықтырады. Мұның қойылым кезінде пайдасы бар.

Сахнада өзінің ғашығын құлай сүйген жігіттің өмірі сомдалуда. Ол өз аруымен ажырасып кеткен. 1 жарым сағаттық қойылым барысында көрермендерге жылап та, күліп те алуға болады. Ал, спектакльдің мына тұсында төбеден жаңбыр да жауды.

Осы қойылымға жарты тоннадай су кеткен. Судың төбеден ағуы үшін әртістер өздерімен бірге қажетті қондырғыларын да алып жүреді екен. Сахнада өнерпаздар тайып құламас үшін линолеум төселген, сондай-ақ олардың аяқтарында арнайы аяқ киім бар.

Рустам Надыршин, «Искушение» би театрының жетекшісі, режиссер, Санкт-Петербор қаласы, РФ:

-Бұл суда тайып құламау үшін арнай тігілген аяқ киім. Және олар тез кебеді. Ал, линолеум өте ерекше. Олда қойылым кезінде өнерпаздардың сырғанамауы үшін арналған. Сіздердің сахналарыныз біздің қойылым үшін лайық болды. Мәселен, Рязан қаласында суды төбеден жаудыру мүмкіндігі болмаған соң концертті шегердік.

Қаламызға алғаш келген өнерпаздардың қойылымынан көрермендер мол әсер алғандықтарын жасырмады.

-Өте керемет. Тамаша қойылым болды. Өзіме ұнады. Олардың біздің қалаға келгендері жақсы болды.

-Өте сымбатты жігіттер. Олардың әрқайсысының дене бітімдері тамаша. Жақсы қойылым болды.

Енді би театры Павлодарда және Алматы қалаларында өнер көрсетпек. Одан соң Қырғызстан еліне жол тартады.

Култанов Байболат