МТРА жаңалықтары

Өңірде қызыл судың қауіпі әлі де сейілер емес

Жасұлан Жұмашев – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары:

-Өңірде көктемгі тасқын басталғалы бері республикалық маңызға ие 38 автомобиль жолын су шайды. Және Шал ақын ауданының Белоградовка селосының жанындағы көпірді қызыл су бұзып өтті. Ол жердегі тасқынның жылдамды секундына 195 метрге жеткен. Мұндай күшке көпір шыдас бермеген.

Жалпы, қазір өңір тұрғындарына мыңнан астам құтқарушы көмектесуде. Тасқынның астында қалған елді мекендерді судан тазарту үшін 35 бірлік су сорғыш техникасы жұмыс істеген. Алайда, әлі де қауіп басылар емес. Енді 1-2 күннен кейін Есіл өзені арнасынан тасуы мүмкін. Бұдан қызыл су бірқатар ауылдар мен жол учаскелерін шайып кетеді деген болжам бар.

Жасұлан Жұмашев – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары:

-Қазір Сергеев су қоймасындағы қызыл су көпірдің үстінен 2 метрге көтеріліп, төгіліп жатыр. Енді Петропавлға бағыт алған судың үлкен мөлшердегісі 3 күннің ішінде жетеді. Жол-жөнекей бірқатар ауылдарды да басуы мүмкін. Бірақ, бұл әлі болжам ғана.

Құтқарушылар өңірдегі жағдай сәуір айының ортасында қалыпқа келеді деп отыр.

 

 

Култанов Байболат