Білім

Келер жылдан бастап қала мектептері үштұғырлығы білім беру жүйесіне көшеді

Богдан Давыдов бұған дейін қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен түрлі олимпиадаларға қатысып жүлдегер атанған. Ол мемлекеттік тілді білу әрі оны құрметтеу – әрбір қазақстандықтың міндеті дейді.

Богдан Давыдов – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 9-сынып оқушысы:

-Біз қазақ тілін 5-сыныптан бастап оқудамыз. Мен үйде, көшеде мемлекеттік тілде сөйлеймін. Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаларға жиі қатысып тұрамын.

Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейде қазақ тілін оқыту ел тәуелсіздігімен бастау алса, 2014 жылдан бері 1-ші мен 2-ші сынып оқушылары үшін таза қазақ топтары құрылған. Қазір мұғалімдер шәкірттерді Ұлт жоспарының 76-ыншы қадамы аясында оқытуға көшкен. Яғни, оқушыларды 12 жылдық білім беруге даярлау және олардың функциялық сауаттылықтарын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Айгүл Төлегенова – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі:

-Мен өз сабағымда (аити) технологияларын жиі қолданамын. Бұл технологиялардың пайдасы оқушылардың ауыз ек сөйлеуін дамытып, мемлекеттік тілге деген қықығушылықты арттырады.

Сондай-ақ, Елбасының Ұлт жоспарында оқушыларды тілдің үштұғырлығы бағытында да оқыту керек делінген. Бұл бастама қаламыздың барлық мектептерінде келесі жылдан бастап қолға алынады. Яғни, математика, тарих сынды пәндер үш тілде қатар оқытылмақ. Қазір бұл жұмыстардың жоспары құрылған. Ал балабақшаларда бүлдіршіндерге ағылшын тілін бүгіннен үйретілуде.

Гауһар Темірбаева – Петропавл қаласы білім бөлімінің пәндер бойынша әдіскері:

-Барлық білім беру мекемелерінде үштілділік мәселесінің дұрыс жолға қойылғандығын толы сеніммен айта аламын. Және біз оны қадағалап отырамыз. Үштілік мәселесіне байланысты атқаратын жұмыстардың жоспары құрылды. Сонымен қатар, балабақшалардығы білім беруді де үнемі назарда ұстаймыз. Мәселен, түрлі ағылшын тілін үйрететін байқаулар ұйымдастырылып тұрады.

Қазіргі таңда Петропавлда жалпы білім беретін 35 мектеп бар. Олардың барлығында мемлекеттік тіл 1-ші сыныптан бастап 11-шіге дейін оқытылады.

 

Култанов Байболат