МТРА жаңалықтары

Қызыл судан жол учаскілері де зардап шекті

Ең алдымен тасқын су Тайынша ауданындағы бірнеше ауылдарға зардабын тигізді. Қазір ондағы жолдар да бұзылып, жарамсыз күйге келген. Тасқын ойып кеткен тас жолдарда жөндеу жұмыстары басталып кетті. Шаруаға 100-ге жуық техника жұмылдырылған.

Ғалым Тасболатов- СҚО жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

– Бүгін сол жолдарда қиыршық тас төселіп, жолдар қалпына келтіріліп жатыр. Мердігер- «Петропавл жолдары» серіктестігі. Тағы республикалық «Жезқазған- Петропавл» тас жолында да тасқыан жол қирады. Ол Ғ. Мүсірепов пен Шал ақын аудандарының қиылысы.

«Жезқазған-Петропавл» тас жолының 719-ы шақырымында қазір жол жоқ. 100 метр жолды су шайып кетті. Қазір Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы мен Сергеев қаласы арасындағы қатынас бұзылған. Тұрғындар айналма жол арқылы қатынауда.

Қайырбай Сәдуақасов- «Қазавтожол»ҰК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

 

– Қатынас облыстық маңыздағы жол «Новоишимка-Саумалкөл» арқылы жүргізіледі. Жалпы ол жол учаскесінің бұзылуына су өткізгіш құбырдың тасқын суға шыдас бермеуі себеп. Алқаптардан келген көп мөлшердегі суды өткізуге құбыр қауқарсыз болғандықтан, тасқан жол үстін басып кеткен. Келтірілген шығын 80 млн теңге маңайында.

Мамандар қызыл судан зардап шеккен барлық жол учаскілері қалыпқа келтіріледі деп отыр. Тасқын су бүгінгі күні 300 млн теңгенің маңайында шығын әкелген.

Магжан Ахмадина