МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Қоғамдық бастама -2016” байқауы өтті

Оның жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларға қаржылай көмек көрсетуге арналған. Қызылжар аудандық мүгедектер қауымдастығының төрағасы сәуір айының 16-сы күні Соколовка селосында “Жүректен жүрекке” атты концерт өткізуді жоспарлауда. Дәл осындай іс-шараны азамат ақпанның 20-сы Бескөлде ұйымдастырған екен. Одан түскен 73 мың теңгеге Валерия Коваленко есімді жарымжан қызға ортопедиялық қондырғы сатып алған.

Руслан Растенов – Қызылжар аудандық мүгедектер қауымдастығының төрағасы:

– Мен “Қызылжар – жарқын әлем” атты жобамды үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырып келемін. Ол 5 бағыттан тұрады. Соның бірі – мүгедек балаларға қаржылай көмек көрсету. Алдағы уақытта бірнеше концерт ұйымдастырып, одан түскен ақшаны кембағал балғындардың емделуіне жұмсамақпыз. Концертті Қызылжар ауданының өнерпаздары өткізеді.

Байқаудың тағы бір қатысушысы – Екатерина Андреева. Оның жобасы “ОРиДИ” қоғамдық бірлестігінің 23 тәрбиеленушісіне арналған. Ол сал ауруына шалдыққан балаларды салт атпен серуендету керек дейді. Айтуынша бір мезгіл балғындар атқа мінсе көңілдері көтеріліп, таза ауада демалады дейді.

Екатерина Андреева – “ОРиДИ” ҚБ төрайымы:

– Балалар салт атқа мініп қыдырса олардың денсаулықтары жақсармақ. Бұған дейін екі рет Бескөлдегі ипподромға бардық. Онда балғындар мәз болып, көңілдері көтерілді. Дәрігерлердің айтуынша сал ауруына шалдыққан жасөспірімдер атқа мінсе олардың ойлау қабілеті жақсарады, дене бітімі түзеледі. Сондықтан, қаржылай қолдау болса ииподромға барып атпен серуендеу ойымызда бар.

Айта кеткен жөн, өңірімізде “Қоғамдық бастама -2016” байқауы алғаш рет өтіп отыр. Жеңімпаз атанған жоба авторы 150 мың теңгеге ие болмақ. Жалпы, біздің облыста 29 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 11 мыңы Петропавлда тұрады.

Владислав Демьянов – СҚО әкiмiнiң мүмкiндiгi шектеулi жандармен жұмыс жасау бойынша кеңесшiсi:

– Бүгінгі байқаудың басты мақсаты – мүгедек адамдарға барынша көмектесу. Олардың денсаулықтарын жақсартуға қол ұшымызды беру. “Қоғамдық бастама -2016” сайысын сол себепті ұйымдастырып отырмыз.

Байқау жеңімпазы сәуірдің 14-і күні марапатталады.

Култанов Байболат