Тәртіп сақшылары үш күн бойы қоғамдық көліктерде рейд жүргізіп, 385 заңбұзушылықты анықтаған. Олардың 114 – автобус жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескені үшін, 77 – маневр жасау ережелерін бұзғаны және 14 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, автобустардың заңсыз қайта жабдықталуының 4 фактісі анықталды.
 Шәмшиден Ақышев – СҚО ІІД Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:
 
 
– “Автобус” жедел алдын алу шарасы аясында көптеген қоғамдық көліктерді тексердік. Жүргізушілердің құжаттары дұрыс емес екен.
 
 
Риат Шони