Құқық қорғау органдары

«Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық көліктерде 385 заңбұзушылық анықталған

Тәртіп сақшылары үш күн бойы қоғамдық көліктерде рейд жүргізіп, 385 заңбұзушылықты анықтаған. Олардың 114 – автобус жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескені үшін, 77 – маневр жасау ережелерін бұзғаны және 14 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, автобустардың заңсыз қайта жабдықталуының 4 фактісі анықталды.

Шәмшиден Ақышев – СҚО ІІД Петропавл қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

– “Автобус” жедел алдын алу шарасы аясында көптеген қоғамдық көліктерді тексердік. Жүргізушілердің құжаттары дұрыс емес екен.

 

Риат Шони