Без категории

17 сарбаздың ерлігі есімізде

Тәжік-Ауған шекарасында еліміздің ішкі әскері тұтқиылдан келген шабуылға тап болды. Бұл кезде ішкі әскердің жеке ротасы – еліміздің бітімгершілік миссиясына сай, тәжік-ауған шекарасын күзетіп жүрген еді. 1996 жылы әскер қатарына шақыртылған Асқар Жәменов те 1 жылдан кейін нақ осы шекараға аттанып, 6 ай бойы сол жерде болған.

Асқар Жәменов- Тәжік-ауған шекарасында болған жауынгер:

– Ол шекараның мақсаты – ауған жерінен келетін контрабанданы өткізбеу. Өз басымнан өткерген оқиға. Бір ретте ауған жерінен келген маджахеттерді ұстадық. Соған байланысты награда алған болатынмын.

Қоғам өкілдері, әскери бөлім жауынгерлері, оқушылар 7 сәуір күні қаза тапқан 17 жауынгердің есімі қашалып жазылған ескерткіш тақта маңына жылда жиылады. Бүгін де бұл әдеттен таймаған петропавлдықтар мұнда көптеп келген. Олар асқан ерліктің үлгісін көрсетіп, оқ құшқан сарбаздардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Өскелең ұрпақ жауынгерлердің ерліктерін үлгі тұтуда.

Мансұр Шамұратов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– Бұл күн барша қарулы күштер үшін, біздер үшін маңызды. Батыр жауынгерлеріміз ерлікпен қаза тапты. Бұл ұмытылмас оқиға.

Мына ескерткішке аттары қашалып жазылған 17 жауынгердің ерлігі ешқашан ұмыт болмақ емес. Бүгіндері осындай монумент еліміздің көптеген аймақтарында орнатылған.

 

Риат Шони