МТРА жаңалықтары

Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттер

Брифингте осыған дейін көпшілік арасында қызу талқыланылып келген жалпыға бірдей декларациялау мәселесі де көтерлді. Бұл шара елімізде кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Лилия Әбілева- СҚО кірістер департаменті түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасының басшысы:


–  2017 жылы Декларациялау жүйесіне халықтың неғұрлым дайындалған бөлігін тарту болжанады. Бұл мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналы және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері. Ал жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі 2020 жылға қарай жоспарланып, оған халықтың қалған бөлігін тарту көзделген.

Кездесуде қолданыстағы салық режимін оңтайландыруға қатысты мәселелер де айтылды.

Лилия Әбілева- СҚО кірістер департаменті түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасының басшысы:

–  2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 3 деңгейлі салық режимін енгізу жоспарланып отыр. Оның біріншісі жеке кәсіпкерлер үшін патент, екіншісі кірістер мен шығыстардың салықтық есептілігін жүргізетін шағын және орта бизнес үшін арнайы салық режимі. Үшіншісі – нарықтың барлық субъектілеріне арналмақ.

Кейін жиынға қатысқан БАҚ өкілдері өз сауалдарын жолдады. Олар жалпыға бірдей декларациялаудың қалай жүргізілетіндігін сұрады.

Лилия Әбілева- СҚО кірістер департаменті түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасының басшысы:

– Бізде оқыту жұмыстары жүргізіледі. Арнайы семинарлар да өтіп тұрады. Онда декларацияны толтыру тәртібі үйретіледі. Кеңестер беріледі.

Декларацияны электронды түрде де тапсыруға болады. Терминалдар барлық салық органдарының бөлімшелерінде бар.

Магжан Ахмадина