Денсаулық сақтау

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл”

Оған қоса балғынның қос жамбасы мен тізе буындарында кінәраты бар. Қатерлі дертке шалдыққан қыздың ата-анасы Михаил мен Оксана, балаларын аяққа тұрғызу үшін бармаған жері жоқ. 4 ауыр операцияны басынан өткерген Эвелина қазір тағы бір отаға мұқтаж.

Михаил Кох – Эвилина Кохтың әкесі:

– Біз қызымызды Астана, Челябі мен Қорған қалаларындағы емдеу орындарына апарып, тексерістен өткіздік. Қорғандық клиника дәрігерлері баланың денсаулығын түзетуге болатындығын айтып, операция жасауға кеңес берді. Отаның құны – 2 млн теңге. Мұндай қомақты қаражатты бір өзіміздің жинай алмайтындықтан, амалдың жоқтығынан “Нұр Отан” партиясына жүгіндік. Қазір Эвелинаның денсаулығы бұрынғыдай емес, аздап сөйлей алады. Осы отаны жасасақ – баламыз өздігінен жүретін жағдайға жетеді.

Кохтар жанұясы 2 млн теңгені бір өздері жинауға мүмкіндіктері жоқ. Отағасының ай сайынғы тапқан-таянғаны науқас қыздың дәрі-дәрмегінен де қалмайды. Көмекке зәру балғынның жағдайын естіген “Вторсырье” серіктестігі бей-жай қарамай жәрдем беруді жөн көрген.

Қайыржан Айсин – “Вторсырье” ЖШС директоры:

– Біз 37 тонна макулатура жинап, одан түскен 555 мың теңгені отбасы мүшелеріне бермекпіз. Жақында 37 қала мектептерінің ескі кітап, газет-журналдарды бізге тапсыруға болатындығы жөнінде хабардар етілді. Бұған дейін біз 2 отбасына қаржылай көмек көрсеткен болатынбыз.

Жалпы Эвилина секілді балғындарға көмек “Нұр Отан” партиясының “Бақытты отбасы” жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бағдарлама іске қосылған 2 жыл ішінде жүздеген қазақстандық бүлдіршіндер қайырымды кәсіпкерлердің арқасында дертіне шипа тапты.

Бакыт Садуакасов