Балалар

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық “Жұлдызай” байқауы өтті

Қолөнершілер сайысқа түрлі туындыларын әкеліпті. Олардың қатарында Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушысы Жасұлан Баржақсиннің де еңбегі бар. Ол қазақы нақышта жылқы сүйегінен қымыз құятын торсық әзірлеген.

Жасұлан Баржақсин – Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушысы:

– Мен бұл жұмыстарды 3-4 жұма істедім. Оларға станок арқұылы ою салдым. Бұлардың барлығы жылқы сүйегінен жасалған.

Ал, дәл осы уақытта сахнада мың бұралған бишілердің де жарысы өтті. Сайыста алғаш болып Тайыншалық жұп өнер көрсетті. Ұлттық көйлектерін киіп қазақ биін билеген қыздар жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

Нұргүл Нұғыманова – Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы, Тайынша ауданы:

– Бізге өзімізге билеген ұнайды. Мында бірінші орын алуға келдік. Осымен осы байқауға 3-нші рет қатысып отырмыз.


Жалпы, Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық “Жұлдызай” байқауы ХІ-ші рет өтіп отыр. Биылғы сайысқа өңіріміздің барлық ауданынан 150-ден аса өнерпаз қатысуда. Олар жарыста 6 аталым бойынша сынға түсті.

Құдабай Илюкин – облыстық білім басқармасының бас маманы:

– Бұл іс-шараның басты мақсаты – мүмкіндіндігі шектеулі балаларды қоғамға үйрету. Оларды адамдармен араластыру. Өнерлерін ашу болып табылады.

Енді облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған ұл-қыздар республикалық байқаудың 1-інші іріктеуіне қатысады. Сайыс сәуір айының 14-і күні Петропавлда өтпек. Ал, одан үздік шыққандар маусым айының басында Астана қаласында ұйымдастырылатын фестивалда бақтарын сынайды.

 

Култанов Байболат