Спорт

Петропавлда су добынан облыстық жарыс өтті

Олар облыстық жарысқа алдын ала дайындалыпты. Сондықтан, барлықтарының жеңістен үміттері бар.

Қайдар Шоқтыбаев – “Агрономдар” құрмасының қорғаушысы:

– Жарысқа жақсы дайындалдық. Жеңімпаз атанамыз деп ойлаймын.

Жанкүйерлерді көп күттірмей-ақ сайыстың алғашқы кездесуі де басталды.

Қазір “Информатиктер” мен “Математиктер” құрамаларының ойыншылары кездесуде. Қос команданың жігіттері ойында көрерменге қызықты тартыс ұсынды. Матчта ойыншылар суда еркін жүзіп, бір-бірімен әуеде доп алмасуда. 3 кезеңнен тұратын бәсекеде есеп 1-де 0 болып аяқталды. Жеңіс – “Математиктердің” еншісінде. Жалпы облыстық жарысқа М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінен құралған 4 команда қатысуда.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– Бұл ойын жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі, ойын олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына кіреді. Су добы ойынында шыдамдылық, мергендік қажет.

Жарыс жеңімпазы облыстық “Жас отан” ЖҚ кубогымен марапатталды.

 

Култанов Байболат