Мәдениет

Петропавлда орыс тілі білгірлерінің “Ой-сана” байқауы өтті

Ол Тайынша ауданындағы сайыста үздік атанып облыстық кезеңге өткен. Ресми тілді еркін меңгерген бойжеткен орыс ақын-жазушыларының шығармаларны сүйіп оқиды екен. Тіпті, аздап өлең де жазатыны бар. Бүгінгі жарыста ол өз білімінің арқасында жеңімпаз атанатынына сенімді.

Айжан Мырзабек – байқауға қатысушы, Тайынша ауданы:

– Орыс тілі маған бала күнімнен ұнайды. Бұған дейін де осы сынды бірнеше байқауларға қатысып жүлдегер атанғаным бар. Өзім орыс ақындарының өлеңдерінің көбін жатқа білем. Сол себепті, жарыстың үшінші кезеңіне Александр Пушкиннің «Татьянаның Онегинге жазған хаты» атты өлеңін дайындап келдім.

3 аталымнан тұратын байқау орыс тілінде өтті. Үміткерлер сайыстың алғашқы кезеңінде лексикалық және грамматикалық сұрақтардан құралған тест тапсырмасын орындады. Ал, келесісінде олар 30 минуттың ішінде берілген үш тақырыптың біреуіне эссе жазды. Соңғы турда сайысқа қатысушылар үй тапсырмасы бойынша бақтарын сынады. Онда орыс ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түсті.

Әсем Сүлейменова – облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқарманың бөлiм басшысы:

– Бұл байқау қаламызда жыл сайын ұйымдастырылады. Дәстүрлі шара республикалық жарыстың облыстың кезеңі болып табылады. Яғни, жеңіпаз атанған үміткер өңір намысын республикалық сайыста қорғамақ. Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілінде оқиытын орыс тілін меңгерген жас таланттарымызды іздеп табу.

Сайыс соңында жүлдегерлер мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Култанов Байболат