Әр түрлі

Көктемнің екінші айындағы ауа райы болжамы

Әсіресе, кішкене балаларын ертіп жүргендерде есеп жоқ. Әсем Әбікенова да 3 жасар қызы Айыммен бүгін Қазақстан Конутитуциясы көшесіне келген. Қыста күні бойы үйде отырған ол, қазір бірнеше рет далаға шығып тұрамыз дейді.

Әсем Әбікенова- Петропавл қаласының тұрғыны:


–  Күн жылынды. Далада жақсы. Бүгін кешке тағы да шығамыз.

«Сәуір болмай, тәуір болмайды» демекші. Қыс мезгілінің суық күндерінен шаршаған солтүстікқазақсмтандықтар енді көктемнің екінші айы жылы болатындығына сенеді.

– Күн жақсы. Көңіліміз де жайылды.

– Бүгін нағыз көктемгі ауа райы. Өте тамаша күн болып тұр. Жаплпы ауа райы жайлы интернеттен қарадым. Жылы болады дейді. Соған сенемін. Енді суық болмайды деп ойлаймын.

Суық күндер артта қаларына әбден-ақ сенгің келеді. Мұны ғаламтордан бұрын синоптик мамандар да болжап отыр. Күн райы тек түнгі уақытта ғана 0-ден төмен түседі екен. Ал күндіз сынап бағанасы кей жерлерде 22-і градусқа дейін көтерілмек. Сондықтан бас киімдері мен бөкебайларды шешіп, жылы киімдерді күзге дейін жинап қоюға болады.

Аслан Қажырахымов- «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің инженер-синоптигі:


–  Ауаның орташа айлық мөлшері 3-4 градус. Бірінші онкүндікте түнде 0-5 аяз, ал күндіз 3 кей жерлерде 5-10 жылы. Екінші онкүндікте кей жерлерде 22 градусқа дейін жоғарылайды.

Ал үшінші онкүндікте ауа температурасы кей жерлерде 27 градусқа дейін жылынуы ықтимал. Десе де осы уақытта өткінші жаңбырлар да болуы мүмкін.

Магжан Ахмадина