Энергетика

Энергетиктер өткен жылды қорытындылады

Оның барлығын қалыпта ұстау үшін 2015 жылы инвестициялық бағдарлама аясында 1 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінген. Соның арқасында М.Жұмабаев, Шал ақын аудандарының орталықтарында қосалқы станциялар жөнделіп, Тимирязев, Мамлют аудандарында ваккумдық ажыратқыштар алмастырылды. Айта кеткен жөн, 110 киловольттық мұндай қондырғылар елімізде алғаш рет орнатылып отыр.

Виталий Фесько – «Севказэнерго» АҚ бас директорының орынбасары-бас инженер:

– Дәл осындай қондырғылар Петропавлдың солтүстік бөлігінде де алмастырылды. Олар өте мықты, сондықтан қызмет барысында қиындықтар туындамайды деп ойлаймын. Қызылжар ауданының орталығы Бескөл кетінде де осындай жұмыстар жасалды. Айта кету керек, өткен жылы біз белгіленген жоспарды асыра орындадық.

Қоғамдық тыңдау барысында энергетиктер бұл шаруалардың барлығы тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін жасалып жатқандығын айтты. Кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Виталий Фесько – «Севказэнерго» АҚ бас директорының орынбасары-бас инженер:

 

– Биыл атқарылуға тиісті шаруаларға 1 млрд 135 млн теңге қаржы бағыттамақпыз. Киров атындағы зауыт ауданындағы қосалқы станцияларды қалыпқа келтіріп, қала бойынша 14 трансформаторлық қосымша станция жаңартылатын болады. 36 шақырым әуе желілерінің жалаңаш сымдары СИП маркілі жаңа сымдармен алмастырылады.

Кездесуге келген петропавлдықтар соңғы уақытта кәсіпорынның жұмысы жақсарғандығын айтып отыр.

Магжан Ахмадина