Денсаулық сақтау

Елатом құрылғылар зауытының өнімдері арзан бағамен сатылады

Сондықтан адамдар жиі суық тигізіп, ауырып жатады. Елатом құрылғылар зауытының мамандары нақ осы кезде «унилор» аппаратына деген сұраныс артады дейді. Өйткені оның осындай жағдайларда тигізер пайдасы зор.

Батима Сайдалинова- Елатом құрылғылар зауытының менеджерi:

– «Унилор» құрылғысы әсіресе тұмау тиіп ауырғандарға таптырмайтын құрал. Оны 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет. Арнайы қондырғыларды құлаққа, мұрынға тағамыз. Сонда ол жұмыс істеп, ауырған жерге өз әсерін тигізеді. Қазір күн суытып, адамдар суық тиіп жиі ауырады. Сондықтан оларға осы аппаратты сатып алуға кеңес беремін.

Елатом құрылғылар зауытында шығарылатын қондырғыларды үйде де қолдана беруге болады. Әсіресе, “Алмаг ” қондырғысы сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Ол адам ағзасына төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді.

Батима Сайдалинова- Елатом құрылғылар зауытының менеджерi:

– Осы «Алмаг» құралының арқасында талай неврология, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдыққан жандар ем тапты. Қазір бұл аппарат 45 600 теңге тұрады. Жалпы бізде сатылатын әр құрылғыға 2 жылдық кепілдеме беріледі.

Қазір мұндай құрылғыларды өңіріміздің барлық емдеу мекемелері қолданады. Бүгіндері 3-ші қалалық аурухананың физиотерапия бөлімшесінде 5 алмаг құралы бар. Күніне мұнда 30 адам ем қабылдайды. Процедура 20 минут жүргізіледі.

Лариса Путятина- №3 қалалық аурухананың физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі:

 


–  Құрылғымен күніне 2 рет процедура жасауға болады. Оның падасы өте зор. Остеохандроз, буын аурулары, жүрек-қантамырлар жүйесін, тамыр кеңеюі, неврология, басқа да қауіпті аурулардың алдын-алуға және емдеуге септеседі. Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі отадан кейін бір күннен кейін аппаратты бһқолдана беруге болады. Еш зияны жоқ.

Құрылғылар арнайы көрмелерде сатылады. Петропавлда олар әр ай сайын өткізіліп тұрады. Кезекті осындай шара сәуірдің 5-і мен 10-ы аралығында жүргізіледі. Қазір құрылғыларға деген баға қымбаттаса да, бүгіндері жеңілдіктер қарастырылған.

Магжан Ахмадина