МТРА жаңалықтары

1 жастағы Анастасия Шараповаға ота жасау үшін 15 млн теңге қажет

Ол қызының туылғанда сап-сау болып, 1 айдан соң сырқаттанып қалғанына мүлде сенбейді. Бастапқыда сәбиі жиі ауыра берген соң жергілікті дәрігерлерге қаралыпты. Олар науқастың өт түтіктері бітелген, “бауыр церрозына шалдықты” деп диагноз қойған екен. Тіпті, олар Анастасия енді 2-3 ай ғана өмір сүреді деп айтқан. Бұған сенбеген ата-ана бауыр еті баласын алып Ресейдің Челябинск қаласына қайта тексеруден өтуге аттаныпты.

Евгений Шарапов – Анастасия Шарапованың әкесі:


–  Анастасияның жағдайы нашар екендігін естігесін Челябинск қаласына бардық. Онда толыққанды тексерілгесін дәрігерлер 10 күннен кейін ота жасады. Барлығы сәтті өтіп, сәбиімнің жағдай жақсарғандай болған. Дегенменде, 2 айдан соң ол қайта ауырып, Астанадағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына бардық. Ол жердегі дәрігерлер емделудің ұзақ уақыт өтетіндігін айтқасын, Мәсеудегі ауруханаға өз күшімізбен бардық. Енді сол жерде ота жасайды. Жұбайымның бір бауырының жартысын алып салмақ.

Анастасия мен оның анасы – Янаның Мәскеу қаласында ем қабылдап жатқандарына 1 айға жуық уақыт болған. Дегенменде дәрігерлер күні кеше ғана одан асқазан жарасы мен өкпенің қабынуын анықтаған. Қазір ақ халаттылар сәбиді отаға дайындау үшін барларын салуда.

Яна Шарапова – Анастасия Шарапованың анасы:

 


–  Қазір Анастасияның дене қызуы 37-іні көрсетіп тұр. Өзін жақсы сезінеді. Енді бір аптайдай осында емделеміз. Кейін сәбиімнің жағдайы жақсы болып жатса дәрігерлер ота жасамақ. Сәтін салып сауығып кетеді деп сенемін.

Айта кеткен жөн, Анастасияның отасына 15 млн теңгедей қаражат қажет. Қазір бұл сомманы жинау үшін еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын жомарт жандар қол ұшын беруде. Тіпті, 8-сәуір күні облыстық филармонияда қайырымдылық концерт өтпек. Түскен қаражат нәрестенің еміне жұмсалады. Ал, отбасының жағдайына бейжай қарамайтын, қайырымды жандар “Халық банк” және “Казкамерцбанктерінде” ашылған есепшотқа ақша жібере алады. Ол экранда көрсетілген.
Култанов Байболат