Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов тікұшақпен су басқан ауылдардың жағдайын байқады

Әуеге көтерілген облыс әкімі Ерік Сұлтанов ең алдымен Тайынша ауданындағы жағдаймен танысты. Мұнда жеті елді-мекенге қауіп төнді. Қазіргі таңда Донецкое, Ясная поляна, Красная поляна селоларында жағдай біршама тұрақталды. Ал Доброжановка елді-мекенінде қауіп екі есеге артуда. Ол әуеден анық көрінуде. Тасыған су бүгінде Солтүстік аймаққа беттеп, Аққайың ауданың орталығы Смирново селосына жетіп үлгеріпті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Желтоқсан айында жаңбыр өтіп, жер қатып қалып, қазір еріген қар суы жерге сіңбей жатыр. Екіншіден мына күннің жылынып кетуі. Осының бәрі алқаптардан қардың суын алып келіп соқты. Бірақ қираған үйлер, қоралар жоқ.

Бұл – аумағы 45 шақырым болатын Үлкен Торанғұл көлі. Көктем мезгілінде 21 жылда қауіп төндірмей келген қызыл су, өткен жылы жақын маңдағы Корнеев елді-мекеніне жеткен. Абырой болғанда тасқын ауыл сыртында орналасқан үш үйдің маңына ғана келіпті. Биыл қауіптің бетін сейілту үшін мұнда құтқарушылар наурыздың соңынан бастап суды ағызуда. Бүгін бұл атқарылып жатқан шаруамен облыс әкімі Ерік Сұлтанов танысты. Өңірдегі аудандарды әуеден тікұшақпен бағдарлаған аймақ жетекшісі есілдіктердің де жұмысын көріп, бірқатар тапсырма жүктеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Нужно делать прогноз по паводку, сколько сюда придет воды. Ситуация может сложиться очень серьезная в ближайшие дни. Лед подтаял?

Мұратбек Әбішев – Есіл ауданының әкімі:

– Сегодня вода идет из подольда. Я связывался с Айыртауским районом. Вода из Камысакты вечером придет к нам. Ситуация в этом году лучше, потому что мы раньше начали сброс и контролируем. Завезли подсыпной материал.

Қазір Үлкен Торанғұл көлінің көбесі сөгіле қойған жоқ. Мұндағы су деңгейі 335 см, өткен жылғыға қарағанда 41 см-ге жоғары. Көктемгі су тасқыны кезінде ол 313 болады деп күтілуде. Еріген қар суы Покровка-Корнеев бағытындағы облыстық маңыздағы тас жолды шайып кетуі мүмкін.

Аманжол Қожағұлов – “Қазсушар” РМК СҚОФ директоры:

– Үлкен Торанғұл көліне Айыртау ауданындағы Қамысақты өзенінен су келіп құяды. Жаңа ғана тікұшақпен әуеге көтеріліп ол жақтың жағдайын көрдік. Далада әлі ерімеген қар көп. Ол жақын маңдағы елді-мекендерге қауіп төндіруде. Қазір мұнда суды ағызу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта бұл шаруаларға қарқын қосылатын болады.

Биыл Есіл ауданында көктемгі су тасқыны кезінде 4 елді-мекенге қауіп төніп тұр. Апаттық жағдайда жұмыс жасауға мұнда 47 бірлік техника сақадай сай. Сонымен қатар су тасқыны мерзіміне 5 млн теңге қаржы бөлініпті.

Мұратбек Әбішев – Есіл ауданының әкімі:

– Ауданда Есіл бойында орналасқан 4 ауылға қауіп төніп тұр. Өткен жылы Корнеев селосына дейін су жеткен. Биыл ондай оқиға орын алмас үшін суды ағызып жатырмыз.

Алдағы 10 күн ішінде бұл жақта Есіл өзені тасып, еріген қар суымен бірге елді-мекендерге келу қаупі бар.
Бұдан кейін аймақ жетекшісі мінген тікұшақ Сергеев су қоймасына барды. Бүгінде ол 108 пайызға толды. Бұл сәйкесінше мерзіммен салыстырғанда судың деңгейі 1,5 метрге жоғары. Күніне мұннан 30-40 млн-дай текше метр су Петропавлға қарай ағып жатыр. Өңірде төтенше жағдайлар қызметі қауырт жұмыс істеуде. Ал нағыз сын алдағы 4-5 күнде дейді олар. Осыған байланысты әр ауданда жедел әрекет ету жасақтары құрылып жатыр.

 

Риат Шони