Мәдениет

“Астана балет” театрының ұжымы Петропавлда өнер көрсетті

Өнерпаздар биылғы 4-ші маусымын СҚО бастауды жөн санапты. Сенбі күні бишілер көрермендерге бельгиялық хореограф Рикардо Амарантенің “Gaia” хореографиялық миниатюрасын ұсынды. Онда бишілер музыканың ырғағына еліктей отыра жер шарының жаратылу сәтінен көрініс қойды. Су, от, орман, ауасыз жер бетінде тіршіліктің болмайтындығын дене қимылдары арқылы бейнелі түрде жеткізеді.

Мұнда басты “Gaia”-ның яғни, Жердің рөлін театрдың белді солисті Риза Қанатқызы сомдады. Бойжеткен қанша жерден талантың асып тұрса да, қыруар еңбексіз ештеңе өнбейді деді.

Риза Қанатқызы – “Астана балет” театрының солисті:


– Шетелде қазақ атын асқақтату үшін тырысамыз, көп еңбектенеміз. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленгенде, шаршау мен еңбектің бәрі зая кетпегенін түсінесің. театрымыздың репертуарында классикалық, фальклорлық тағы басқа стилдегі билер бар.

Бельгиялық хореограф Рикардо Амаранте “Gaia” атты бұл хореографиялық миниатюрасын қоймас бұрын, 3 ай көлемінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін әбден зерттеген. Астана балет” театрының әкімшілігі шетелдік балетмейстерлермен етене жұмыс жасамас бұрын оларға алдын ала осындай талаптар қояды екен. Бұл ұжымда 18 бен 26 жас аралғындағы 35 бұрымдының барлығы икемді. Жаңа үлгідегі би түрлерін жатпай-тұрмай бар-жоғы 2-3 аптаның ішінде меңгеріп алады екен.

Айгүл Тати – “Астана балет” театрының бас балетмейстері

– Ұжымдағы қыздар қатаң іріктеуден өткен. Бір биді үйренген өзге тілді меңгергенмен тең. Алдымен дыбыс, одан кейін буын, сонан соң сөйлеуді үйренеміз. Маусым сайын репертуарымызды жаңа қойлыммен толықтырып отырамыз.

Осы күні жергілікті жұртшылық ресейлік хорегогараф Никита Дмитриевскийдің “Әлем” спектаклінен үзінді көрді. Бұл қойылымнан қазақ қыздарына жарасымды ұлттық нақыштағы би стилдерін байқауға болады. Спектакль нәрестесін аштық, жалғыздық, қасірет сынды зұлымдықтардан қорғаштайтын Әулие Ана туралы. Мұндағы декорация, артистердің шеберлігі мен көздің жауын алар театр костюмдері көрермендерге ұмытылмас сәт сыйлады.

Әдемі көріністерді үлкендермен қатар балалар да тамашалап отыр. Оларды ата-аналары көрсін, білсін, үйренсін деп ертіп әкеліпті.

Диана Канафина – көрермен, Петропавл қаласы:

– Қыздар сахнада жеңіл қозғалғанымен оның артында қанша еңбектің жатқандығын көбі түсіне бермейді. Мен өзім бірнешежыл би үйірмесіне қатыстым. Қыздардың шетелде өнер көрсетуі біз үшін үлкен мәртебе.

Ресей, АҚШ, Италия, Қытай – бұл “Астана балет” театрының ұжымы аралап шыққан мемлекетердің бір парасы ғана. Жерлестеріміз бұл тәуелсіздіктің 25 жылдығында мәдениет саласында қол жеткізген үлкен жетістігміз дейді.

Ахмет Дарабаев – көрермен, Жамбыл ауданы:

– Мен шетелдерде болып, өзге елдің бишілерін көрдім. Біздің қыздарымыз өзгелерінен артық не кем емес деп айта аламын.

Қойылымдар көрерменнің көңілінен шықты. Кейін ұжымға облыс ықылас гүлі табысталды. Өңірімізде 2 күндік сапармен болған “Астана балет” театрының ұжымы жексенбі күні көреремендерге “Астана Балет GALLA” бағдарламасын ұсынады. Оған отандық және шетелдік хореографтар әзірлеген театр репертуарының үздік қойылымдарының үзінділер енгізілген. Теріскейліктерді өнерімен тәнті еткен өнерпаздардың гастрольдік сапары Павлодар мен Алматы қалаларында жалғасады.

Берік Қасен