Спорт

Петропавлда еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды

Оқ бойы қатар сап түзеген спортшылар қазір бірер сәттерден соң бағы мен бабын қатар таластырмақ. Жарыстың салтанатты ашылуынан соң, жас боз кілем шеберлерінің бәсекесіне де кезек келді.

Жарыс екі боз кілем үстінде өтті. Мына, жерде 60 келі салмақ дәрежесіндегі білектілер өнер көрсетуде. Дәл қазір Павлодарлық Рифат Сайботаловпен оның Қостанайлық қарсыласы күш сынасуда. Айта кеткен жөн, палуандардың екеуі де еркін күрестен спорт шеберлері. Сондықтан болар мықтылар алғашқы периодты 3-те 4 есебімен аяқтады. Жеңіс әзірге көк түстегі спортшының еншісінде. Ал, келесі кезеңде Рифат қарсыласын жерден алып, жерге салды. Ол бапкерінің айтқан кеңесін дұрыс пайдаланса керек кездесуді 11-де 7 есебімен өз пайдасына шешті.

Рифат Сайботалов – жарысқа қатысушы, Павлодар облысы:

– Қарсыласыммен күресу маған қиынға соқты. Онымен бұған дейін бірнеше рет кездескенбіз. Өте мықты балуан. Жарысқа жақсы дайындалып келдім. Жолым болып жатса, жеңімпаз атансам деген ойдамын.

Айта кеткен жөн, еркін күрестен жастар арасындағы ел біріншілігі теріскей топырағында бұрын соңды өтпеген. Жалпы, дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан 300-ден аса жас балуан қатысты. Аталған жарыста үздік шыққандар ұлттық құрама қатарына қосылмақ.

Мейрам Хамзин – жарыстың бас төрешісі, Петропавл қаласы:

– Бүгінгі жарыс Қазақстан құрама командасына іріктеу болып табылады. Сайыста жеңімпаз атанғандар ел намысын Азия, әлем біріншіліктерінже қорғайтын болат. Бұл жарыста 69-98 күш сынасып қатыр. Қазақстанның барлық аймағынан және Алматы, Астана қалаларынан келді.

Ұлдардан бөлек бүгін боз кілемге қыздарда шықты. Олар 8 салмақ дәрежесінде белесті. Ал, 3 күнге созылған сайыс қорытындысы бойынша 4 жерлесіміз жеңімпаздар мінбесіне көтерілді. Балуандарымыз енді ел намысын әлемдік аренада қорғамақ. Ал, жалғыз алтын алқаны 50 келіде қарсылас шыдатпаған Еркебұлан Боранғалиев иеленді.

 

Бакыт Садуакасов