Қоғам

Осы көктемде өңірдің 700 сарбазы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады

Негізінен борышын өтейтін бұл жолғы жас жігіттер Қорғаныс министрлігіне, шекара және мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҰ сапында әскери міндеттерін атқарады. Мамандар жігіттер бұрынғыдай әскерден қашпайды, керісінше оған жастардың арасында сұраныс артты деп отыр.

Мақсат Мұқанов – СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Қазіргі кезде жастар әскер қатарына бару керектігін жақсы түсінеді. Денсаулықтарын жіті тексеріп келеміз. Биыл енді жалпы балалрдың денсаулықтары жақсы деуге болады.

Қазірде комиссия мүшелері болашақ отан қорғаушылар денсаулығында кінәраттың бар-жоғын тексеруде. Бұйырса, кәмелет жасынан асқан мына бозбалалар Алматы облысының Боралдай кентіне ел шекарасының беріктігін күзетуге аттанады. Қала тұрғыны Мирас Ерденов биыл Петропавл құрылыс-экономикалық колледжін техник-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 19 жасар жерлесіміз әскер қатарына барып, міндетімді атқаруға даярмын дейді.

Мирас Ерденов – әскер қатарына шақырылушы:

– Бәрін тексеріп жатыр. Өзім шекара қызметіне барғым келеді. Әскерде болу әр қазақстандық жастың борышы деп білемін. Денсаулығымды еш кемішілік жоқ.

Мирас Ерденов секілді өзге де сарбаздар дәрігерлердің қарауынан өтіп жатыр. Ақ халаттылар отан қорғаушылардың арасында майтабан мен көздің нашар көруі сынды дерттер жиі кездесетіндігін айтады. Мәселен мына бөлмеде терапевт мамандар әскерге шақырылушыларды соңғы тексерістен өткізуде.

Роза Баилова – терапевт:

– Терапевтік аурулар өте көп. Көбіне созылмалы гастрит, холецистит, жүрек ауруларының кейбір түрлері, қан тамырылары аурулары кездеседі. Қайта тексеруге жібереміз, жарты жылға отсрочка береміз, кейін тағы тексереміз.

Биыл елімізде көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны 30-шы маусымға дейін жалғасады.

 

Бакыт Садуакасов