Қоғам

Өңірде тасқын сумен күрес жалғасуда

Кей жерлерде мұндағы еріген қар суының деңгейі белуарға дейін жетеді. Көршілердің өзіне бір-біріне қайық не биік көлікке мініп баруларына тура келеді.

Ауылдағы 30 үйдің жартысы су астында қалған. Елді мекенде 60 жылдан астам уақыт тұратын Николай Данильшенко бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған деп отыр.

Николай Данильщенко, Доброжановка селосының тұрғыны:

– Бұған тек табиғат кінәлі. Ал судың қайдан келіп жатқанын білмейміз. Барлық жерде су, жертөледе, үйде, сарайда да. Қазір тағы бір қарап келемін.


Қазір мұнда Астанадан келген құтқарушылар мен жергілікті мамандар жұмыс істеуде. Кей тұрғындар үй-жайларын, малдарын тастап кетуден бас тартқан. Сондықтан, оларға азық-түлік жеткізіліп отырады.

Есбол Оспанов – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті аэромобильді тобының бас құтқарушысы:

– Біз Астанадан келдік. Кеше 9 адамды қауіпсіз жерге шығардық. Қалғандары қарсы. Малды тастап кетпейміз дейді. Әр үйді аралап жағдайларын біліп отырамыз..Су ақырындап азаюда.

Тіршілік көзі Тайынша ауданының тағы бірнеше елді мекеніне зардабын тигізген. Еріген қар суымен күрес Донецкое, Многоцветное, Зеленый Гай, Ясная Поляна ауылдарында жүргізілуде. Соңғыларында апатттың алдын алуға ауыл шаруашылығы құрылымдары да білек сыбана кірісікен.

Владислав Галицкий, Ясная Поляна селолық округінің әкімі:

– Азаматтар қолдарына күрек алып далаға шығып көмек көрсетті. Асарлатып бәрін жасадық. Осылайша, ауылдастарымыз төтенше жағдайдан құтқарып қалды деуге болады.

Күре жолдың кей жерлері де судан зардап шеккен. Қазір мұнда арықтар қазылып, судың бағытын өзгерту шаралары жүргізілуде.