МТРА жаңалықтары

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Енді төтенше жағдайлар, құрылыс, көлік және автомобиль жолдары салалары Антон Федяевтің қарамағында болады. Осыған дейін бұл лауазымды Владимир Бубенко атқарған болатын. Ол сайлаудан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы ретінде таңдалды. Ал жаңадан келген Антон Федяев Мәскеудің энергетикалық институтын бітірген. Қызмет жолын Петропавлдағы 2-ші жылу электр орталығында бастапты. Ал 2008 жылдан бері облыстық энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына жетекшілік еткен. Аймақ басшысы Антон Владимировичке жаңа қызметінде табыс тілеп, бірқатар тапсырмалар берді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында су және жылу желілерін қалыпқа келтіретін боламыз. Алдағы 4 жылдың ішінде тозығы жеткен жүйелердің пайызын барынша азайту керекпіз. Бұл маңызды жұмыс болмақ. Сонымен қатар 30-40 пайызға баспана құрылысын көтеріп, автомобиль жолдарын жөндеу міндеті тұр алдымызда. Ендеше іске сәт.

 

 

Магжан Ахмадина