МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік аппарат біліктілігі жоғары қызметшілерден жасақталуда

Қазір осы бағытта мемлекеттік қызметкерлер қатаң іріктеуден өтіп, олардың мансаптық сатылардан жылжуы мен жалақыларын көтеру мәселесі қарастырылу үстінде. Осы күні өңірімізде 542 мемлекеттік орган бар. Онда 4,5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Мәжілісте мәлім болғандай, мемлекеттік қызметкерлердің 7 пайызы 10 жылдан артық жұмыс істемейді.

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:


– Мемлекеттік қызметте көп жылдан бері жұмыс істеп жатқан қызметкерлер еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болғандықтан жалақысы жоғары жұмыстарға, өзге салаларға кетіп жатады. Қазіргі таңда жаңа реформалардың негізінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеу нәтижесіне қарап жалақысы саналады. Бұл жүйе көптеген мемлекеттік қызметшінің орнында қалу мәселесін шешуі мүмкін.

Бүгінде өңірде мемлекеттік органдарда 169 бос орын бар. Үміткерлер тестілеуді сәтті тапсырса, кейін 3 ай сынақ мерзімінен өтеді. Ал жұмысқа алынған жағдайда оған тәлімгер бекітіледі.

Светлана Зайцева – ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:


– Өңірімізде тәлімгерлер институты дамуда. Бүгінде жаңадан жұмысқа орналасқан 51 қызметкерге тәжірибесі мол тәлімгерлер бекітілді. Қызметкерлер жалақыны жұмыстың ауқымы мен нәтижесіне сай алады. “Б” корпусындағы қызметкерлер мен басқарма басшыларына заң аясында баспана беру қарастырылған. Мамандар 3 жылда бір рет оқыту курстарынан өтіп тұратын болады. Келешекте шетелдің мемлекеттік қызметкерлері елімізде жұмыс істеуге рұқсат алады.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары тауар бағаларының шарықтап кетпеуі үшін, мемлекеттік сатып алулар сайтына үнемі мониторинг жүргізіп тұрады екен.

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы:

– Статистика департаментінің сайтында тауарлардың орташа бағасы көрсетілген. Мысалы, мына судың орташа бағасы 50 теңге тұрса, ал олар 70 теңгеден сатып аламыз десе әрине олардың лотқа берген бағасының жоғары көрсетуі.

Нұрлан Жахиннің айтуынша, егер тауар ұсынушы өнімнің өзіндік құнын 50 пайызға жоғарылатып жіберсе, оған тиісті шаралар қолданылады.

Берік Қасен