МТРА жаңалықтары

Петропавлда заңсыз еңбек етіп жүрген Өзбекстан елінің 6 азаматы бір тәулікке қамауға алынды

Аманбай Құсайынов – СҚО ІІД көші-қон полициясы взводының командирі:


–  Горький мен Сүтішев көшелірінің қиылысында Өзбекстан Республикасының 6 бірдей азаматы ұсталды. Оларды тексере келе мигранттардың қаламызда заңсыз жұмыс істегеніне көзіміз жетті. Енді қолға түскен тұлғалар ҚР Әкімшілік кодекстің 517-ші бабы бойынша жауапқа тартылады.

Ұсталғандардың алтауы да бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Кейін екеуі ел аумағынан 5 жылға шеттетіледі. Жалпы жыл басынан облыста Көші-қон заңнамасын бұзған 800 шетелдікке айыппұл салынған. Оның 56-сы Қазақстан аумағынан шығарылған. Ал оларды еңбекке заңсыз тартқаны үшін 19 жұмыс беруіші жазаланған екен.

 

Риат Шони