Қоғам

1 сәуір – Күлкі күні

– Бауырым сағат неше болды?


– сағат 12.

Әрине, көшедегі адамдарды жеңіл әзілдермен алдаған жөн. Ең бастысы қағытпа қалжың түсінікті болса болғаны. Сонда ғана жаңағы сіз кезіктірген тұрғынмен риясыз күліп алуға болады.

–  Иа, бұл күні жиі алданып жатамыз. Ең бастысы, қалжын орынды болғаны дұрыс. Менде үйге барған соң анамды алдаймын.

– Қайнымды алдадым. Сенің үйіңе келдім, есігіңді аш деп жалған айттып. Сосын ол бәрін түсініп, күліп алдық.

– Өмірде дәл осы күні бірнеше рет алдандым. Студент болып жүрген кезде құрбыларым оқытушы саған бағаны төмен қойды деп айтты. Кейін білсем мұның бәрі өтірік екен.

Күлкі күні 16-шы ғасырдан бастап белгілі екен. Ең алғаш 1539 жылдың 1-інші сәуірінде француз ақсүйегі өз қарамағындағы қызметкерлерін әзілдеп тапсырма беріп алдаған екен. Ал, Ресейде күлкі күні 1703 жылдан бастау алады. Онда халықты жалған хабар таратушылар алаңда ешбір жерде бұрын-соңды көрсетілмеген қойылым болады деп хабарландырған. Шын мәнінде мұнын бәрі өтірік болып, жұртшылық үйлеріне сан соғып қайтыпты. Біздің елімізде де бұл күнді атап өтетіндер бар. Оны әсіресе, жас жайдарманшы Асқар Сәрсекеев асыға күтеді екен. Тіпті, оның бұған дейін достарын бірнеше рет алдағаны да есінде.

Асқар Сәрсекеев – жайдарманшы:

– 1-інші сәуір жайдарманшылар үшін мереке. Бұл күні талай мәрте таныстарымды алдағаным бар. Мәселен, былтыр бірге оқитын балаға сабақ болмайды деп жалған айттым. Ол менің сөздеріме сеніп, үйіне кетіп бара жатқан жерінен тоқтатып алып күлгеніміз есмде.

Күлкі өмірдің мәні дейміз. Шындығында да бұл солай. Мамандар 1 минуттық күлкі адам өмірін 5 минутқа ұзартады дейді. Тіпті, жай ғана жымиғанның өзі денсаулыққа пайдалы. Сондықта, үнемі езулеріңізден күлкі кетпесін.

Култанов Байболат