Спорт

“Мен чемпионмын” спорттық ойынының облыстық кезеңі мәресіне жетті

Мейрамбек Өтенов – жарыстың төрешісі:

-Әрбір турды ұтқан сайын командаларға 6 секндбонустық ұпай беріледі. Және де финалдық эстафетада жиналған бонус секундтарымен алға шығуға мүмкіндік беріліп отыр.

Одан соң сайыскерлер арқан тартысты. Бұл сында “Стрела” құрамасының мүшелері күшке салып қарсыласын өз жақтарына тартып әкетті.
Алайда, жеңіліс тапқан топ қызбалыққа салынбай, әліптің артын бақты.
Дөңгелекпен жүгіру кезеңінде бәсекелесінен есесін қайтаруға тырысқанымен оларға шапшаңдық жетіспеді. Ойыншылар бірнеше рет сүрінді. Ал “Стреланың” жеңіске деген сенімі маздай түсті. Бірақ, төрешілер қос құраманың қателіктерін ескере отырып оларға тең бонус берді. Залдағы ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар барынша шулап, қос құрамаға қолдау көрсетуде.

Артынша команда капитандары Диас Қайыргелді мен Александр Науменко қолдарына шоқпар алып, бірін-бірі құлатып, құрамаларына қосымша бонус жинады.
Осы сында “Салауатты ұрпақ” тобының жетекшісі Диас Қайыргелді намысқа тырысып, алыспай беріспеді. Осы әрекетімен ол ерекше көзге түсті. Міне, соңғы 5-ші тур ақтық эстафетаға да кезек жетті. Бұл жерде ойыншылар қанша жылдам қозғалса да ойын ережелерін бір сәт естен шығармауға тиісті. Тез ойланып, әр сәтті қалт жібермеді.
Ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалды. Бірақ, “Салауатты ұрпақ” командасы қарқын қосар емес. Десе де бұл кезеңде “Салауатты ұрпақ” командасы “Стрела” тобына лайықты қарсылық таныта алмады. Сәйкесінше, бас жүлде – “Мен чемпион” кубогынан құр қалды.

Қос команда арасындағы тартысты ойынды басынан аяғына дейін өзгелермен бірге облыс әкімі Ерік Сұлтанов та тамашалады. Аймақ басшысы оқушылардың жеңіске деген ұмтылысына тәнті екендігін айтып, жас буынға оқумен қатар спортта да озат болуға кеңес берді. Үздіктерді жеңісімен құттықтады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-“Нұр Отан” партиясының қолдауымен басталған “Мен чемпионмын” жобасы бір жылдың ішінде үлкен спорттық қозғалысқа айналды. Осы шағын уақытта ойынға балалар белсенді қатысып келеді.

“Мен чемпион” спорттық ойыны отандастырымыз арасында кең танымалдылыққа ие болуда. Былтырға қарағанда жобаға атсалысқан солтүсткіқазақстандықтардың саны екі есеге өсіп 12 мыңға жетті. Өңірдегі кең ауқымды спорттық сайысқа оператор, режиссер, көмекшілер сынды 80-ге жуық маман жұмылдырылған.


 

Берік Қасен