Қоғам

Петропавлда өткен «Отбасындағы зорлықты тоқтатайық!» акциясы қорытындыланды

Жалпы жыл басынан өңір аумағында жанұядағы жанжалға қатысты 522 факті тіркелген екен. Оның 4-уі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Полиция қызметкерлері акция барысында тұрғындарға заң жөнінде ақыл-кеңестер беріп, жадынамалар таратқан.

Қайсар Қанафин – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

-Бұл акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге көрсетілетін зорлық зомбылықты болдырмау. Оларды жою. Шара барысында тұрғындарға заң жөнінде ақыл-кеңестер жазылған 2000-ға жуық жаднамалар таратылды.

 

Култанов Байболат