МТРА жаңалықтары

Облыс прокуратурасында құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі өтті

Руслан Мәмбетов – облыстық прокуратураның 7-ші басқармасының бастығы:

-Оның ішінде былтыр жаза мезгілінің аяқталуы бойынша 310 сотталған босатылды. Шартты мерзімінен бұрын 183 адам, жазаның ауысуына байланысты 80, басқа негіздер бойынша 6 тұлға түрмеден босап шықты.

Бірақ түрмеден және түзету мекемелерінен босап шыққандардың бәрі бірдей уақытында есепке алынбайды және бүгінде сотталғандармен жүйелі жұмыс жүргізілмей келеді. Бұл жауапкерлішілік учаскелік инспекторлар мен аудандардағы пробация қызметі бөлімдерінің мамандарына жүктелген. Лауазымды тұлғалардың жұмысын бүгін құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде сынға алынды.

Руслан Мәмбетов – облыстық прокуратураның 7-ші басқармасының бастығы:

-Мысалы, 2015 жылы шартты мерзімінен бұрын босату бойынша ішкі істер органдарының есебіне 375 тұлға алынды. Алайда пробация қызметінің бөлімдеріне солардың 51 пайызы ғана тіркеліпті. Бұл жерде сандар сәйкес келмейді. Осыдан учаскелік инспекторлар мен пробация қызметінің мамандары жұмысына салғырт қарағанын байқауға болады.

Бір алаңдатарлығы, темір тордан шыққандардың қайтадан қылмысқа барулары көбейген.

Степан Зайтлер – облыс прокуроры:

-Есепке алынған тұлғалармен жіті бақылауға алу маңызды. Ең алдымен оның жанұя жағдайын білу керек. Оның туысқандары, қолдау көрсететін әйелі бар ма соны білген дұрыс.

Сондай-ақ, кеңесте босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған шаралар талқыланды. Облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов
сотталғандарды мейлінше тұрақты еңбекпен қамтып, жұмыс берушілер, кәсіпкерлер мен қоғамның сотталғандарға деген көзқарасын өзгерту керек деді. Бұл қылмыстар рецидивінің жоғарыламауына оң әсерін тигізері сөзсіз.


Берік Қасен