МТРА жаңалықтары

Міндет – мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық тауарөндірушілерді қолдау

Айгүл Хасенова – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

-2015 жылы азық-түлік өнімдеріне қатысты мемлекеттік сатып алулар талапқа сай жүргізілді. Кәсіпорындармен 311 млн теңгенің келісімшарты жасалды. Соның 302- млн теңгесі – отандық тауар өндірушілердің өнімдері. Биылдан бастап мемлекеттік сатып алулар кезінде арзан бағаға емес, тауардың сапасына көңіл бөлінбек. Ол үшін әр мектепте комиссия құрылып, солар алынған заттың сапасын қадағалайтын болады.

Алдағы уақытта комиссия мүшелері өзге салалардың өкілдерімен де осындай жиындар өткізбек. Өйткені, көптеген мекемелер мемлекеттік сатып алулар кезінде жергілікті өнім үлесінің пайызын көрсетпейді және құжатты дұрыс толтырмайтын көрінеді.

Мұхтар Манкеев – СҚО әкімінің орынбасары:

-Айталық, «Петушок» балабақшасы сары май алу кезінде ресейлік стандарттарды көрсеткен. Тағы осындай проблемалар жетерлік. Тауарды нұсқағанда оны нақты кодына сәйкес таңдау қажет. Бұдан бөлек, өнімді алғанда көп мекемелер арзанын таңдайды. Ал оның сапасы лайықты болмауы мүмкін.

Мұндай олықылқтары бүгін жиын барысында біраз тізілді. Сол себепті, комиссия мүшелері мемлекеттік сатып алулар кезінде мұқият болу қажеттігін ескертті. Мұнай бағасы мен ресейлік рубль бағамының құлдырауы тудырған қиындықтар бүгінде көптеген қазақстандық кәсіпорындарға да салқынын тигізуде. Сондықтан, оларға мемлекеттік сатып алулар арқылы қолдау көрсетіп, тапсырыстармен қамту көзделген. Бұл өңірдегі тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

 

Магжан Ахмадина