Өнеркәсіп

«Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС – Экспо-2017 көрмесіне материалдар әзірлеп жатыр

Константин Берлин- «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС операторы:

-Осы зауытта жұмыс істеп жатқаныма 5 жыл болды. Сандық басқарудағы станокты басқарамын. Құбырды сапалы дайындау үшін оған берілетін температура, қысым барлығын қадағалап отырамын.

Зауыт құбырлардың 20-дан астам түрін шығарады. Серіктестік күніне 10 шақырым өнім дайындайды екен. Тапсырыстар саны артса, бұдан да көбірек дайындауға болады дейді мамандар.

Роман Стрельников- «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС цехінің басшысы:

-Әр құбырды шығармас бұрын зертханадағылар шикізаттың сапасын тексереді. Содан кейін дайын болған өнім де үнемі тексеріледі. Яғни, сапаға үлкен көңіл бөлінеді. Диаметрі 1200 болатын құбырлар елімізде тек 2 зауытта, Степногорск пен бізде ғана дайындалады.

Қазір мұндағылар Ақмола облысы берген тапсырысты орындап жатыр. Нақтырақ айсақ, олар Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» көрмесінің құрылысына қажетті. Жыл басталғалы серіктестік елордаға 2,5 шақырым құбыр жөнелтіліпті. Жалпы кәсіпорынның алдағы уақытқа жоспары ауқымды.

Андрей Титов- «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары:

-Енді тапсырыстың тағы 4 шақырымға жуығы дайындалуда. Бұдан бөлек жаңа желілерді іске қоспақпыз. Яғни, бізде қазір 18-і істеп тұрса, олардың қатары тағы 3-4-уімен толығады. Зауыт кеспетас және газоблоктар өндірісін қолға алмақ. Ол қосымша жұмыс орындарын ашуға септеседі. Зауыт 2007 жылдан бері ресейлік кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынас ортнатқан. Бұл әріптестік те әрі қарай жалғаспақ.

Жалпы серіктестік өткен жылы 2 млрдт теңгенің өнімін шығарса, биыл бұл көрсеткішті 4 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.

 

Магжан Ахмадина