МТРА жаңалықтары

Былтыр СҚО-да 300-ге жуық әскери қызметкер заңды бұзды

Сорақысы сол, мұны кейбіреуі әбестік көрмей, қалыпты жағдай деп есептейді. Әскери прокуратура өкілдерінің айтуынша, олар командирлердің назарынан тыс қалған. Басшылық қарамағындағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізбек түгілі мекемедегі қызметкерлердің санын да білмейтін болып шықты. Мұны әскери прокуратура мамандары тексеріс барысында анықтапты.

Талғат Бекбергенов – Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

-Мысалы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жүргізушісі жеке көлігін мас күйінде басқарған. Осы үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір оған қатысты істі мекеме басшылығы қарастыру үстінде. Алдағы уақытта әскери қызметкермен келісім шарт бұзылуы мүмкін.

Бұл жиынға Щучье гарнизонының өкілдері де қатысты. Талған Баудинов әскери қызметкерлерді жұмыстан босату арқылы жазалауға болмайды. Бұл жерде басшылықтың да кінәсі бар. Ең дұрысы болған, жағдайдың себебін анықтап, келешекте оның алдын алудың амалдарын қарастырған жөн дейді.

Талғат Баудинов – Щучье гарнизонының бастығы:

 

-Щучье гарнизонына қарасты 4 мекеме бар. Онда әскери қызметкерлерге алдын алу шаралары жиі өткізіледі. Мысалы, қызметкерлерге жол көік аппаттары туралы бейнеролик көрсетеміз. Жол апаты адамдардың салғырттығынан орын алатындығын айтамыз.

Жиында мәлім болғандай, әскери қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта қызметтік этиканы сақтамай, қоғамдық орындар мен жолдарда ұсақ заңбұзушылықтар жасайды екен. Осындай әрекетке былтыр өңірімізде 290 әскери қызметкер барған. Оның 7-уіне қатысты қатаң жаза қолданылып, мекеме басшылары олармен келісім-шартты бұзыпты.

Берік Қасен