Құқық қорғау органдары

Петропавлда зейнеткерлерді алдап келген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

Ол сөзге тартқан үй иелеріне ауыз суды үнемдеуге мүмкіндік беретін қондырғыны сатып алуға кеңес беріпті. Құны 25 мың теңгені құрайтын құрылғының жалған еместігіне сендіретін құжаты да бар болып шыққан. Алайда, әккі айлакер тауарын қалайда өткізу үшін зейнеткерлерге бағасын екі есе төмен түсіріп сататындығын айтқан. Арзан дүниені сатып алуға асыққан жапа шегушілер ақшасын сол жерде санап береді. Ұры орайы келгенде үй иелерінің ақшасын да қолды еткен. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Серік Әлжанов – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы:

– Ұсталған күдікті 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Айтуынша ол Солтүстік Қазақстан облысына наурыздың басында келген. Уақытша жалдамалы пәтерде тұрыпты. Қарттармен тілдесе келе өзін әкімдік және су кәсіпорнының қызметкері ретінде таныстырған. Бүгінде ол 5 қылмысқа қатысы бар екендігін мойындады.

Анықталғандай күдікті ресми түрде ешбір жерде жұмыс істемейтін болып шықты. Полицейлер оны тінту кезінде сантехникалық саймандар мен жалған құжаттардың барын анықтады.

– Как ты пенсионеров находил?

– Никак. Я просто спрашивал – многие люди были на работе, а иногда люди были дома – в основном, пенсионеры. Объясняешь: если хотите поставить – то поставим, если нет, то нет.

Қазірде оңай жолмен ақша таппақ болған күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Оның қанша ақшаны жымқырғаны әлі белгісіз. Аталған фактіге қатысты тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізуде.

Бакыт Садуакасов